Ішкі істер органдарына азаматтар 422 атыс қаруын тапсырды

29 Сәуір 2024, 15:36
362
Бөлісу:
Ішкі істер органдарына азаматтар 422 атыс қаруын тапсырды
Фото: Скрин

Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

ІІМ ресми өкілі айтуынша, халықтан заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді сатып алу акциясы өткізіліп жатыр.

Ішкі істер органдарына азаматтар тарапынан 422 атыс қаруы тапсырылды Қостанай қаласында 70 жастағы ер адам полицияға ешқайда тіркелмеген «АКМ» маркалы автоматы мен 78 дана оқ-дәрісін әкеп тапсырды. Тұрғын қаруды Тобыл өзеніне жақын маңында сөмкенің ішінен тапқан екен. Қазіргі уақытта бұл акция жалғасын тауып жатыр. Барлық тапсырылған қару криминалистикалық экспертизадан өтетін болады, – дейді Шыңғыс Алекешев.

Өзгелердің жаңалығы