Ішкі істер органдары қызметкерлері аттестаттаудан өтеді

4 Наурыз 2024, 17:20
338
Бөлісу:
Ішкі істер органдары қызметкерлері аттестаттаудан өтеді
Фото: - архив

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жекелеген санаттарын кезектен тыс аттестаттау туралы айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы осы жылы кезектен тыс аттестаттау өткізу туралы Министрліктің бастамасын қолдаған болатын. 28 ақпанда тиісті Жарлыққа да қол қойылған. Аттестация – 1 сәуірде басталады. Осы тұрғыда Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты.

Қазір Жарлықтан туындайтын қажетті ведомстволық актілер әзірленіп жатыр.Бұл аттестаттаудың басты мақсаты – басшы лауазымдарды талантты және кәсіби білікті қызметкерлермен жасақтау үшін кадр резервін қалыптастыру. "Қадамдық қолжетімділіктегі полиция" қағидатын іске асыру шеңберінде қоғамдық орындарда модульдік бекеттер, полицияны шұғыл шақыру жүйелері - "SOS түймелері" және фронт-офистер жұмыс істейді, - деді ол.

Сондай-ақ 2024 жылды министрлік "кадрлық әлеуетті арттыру жылы" деп атады.

Бізде қандай басшылар, әсіресе орта буын жұмыс істейтінін жан-жақты зерттейтін кез келді. Бұл халыққа полицияның сапалы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету және қоғамның өз қауіпсіздігіне деген бүгінгі сұраныстары мен үміттерін қанағаттандыру мақсатында жасалады. Жалпы, кезектен тыс аттестаттауға жататын лауазымдар тізбесі барлық жеке құрамның небәрі 6%,-деді ол.

Аттестаттау кезең бойынша жүргізіледі.

​​​​Жалпы, кезектен тыс аттестаттау кезіндегі негізгі критерий - қызметкердің жеке және кәсіби қасиеттерін, қызметінің нәтижелерін ескере отырып, сапалы кадрлық резервін құру болып табылады. Тәртіп сақшысы болуды мақсат тұтқан адам бірінші кезекте өз жұмысын жақсы көруі тиіс,-деді Шыңғыс Алекешев.

Өзгелердің жаңалығы