Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды

16 Қараша 2023, 16:12
475
Бөлісу:
Ішкі істер министрінің орынбасары тағайындалды
Фото: gov.kz

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. 
 

Айдос Какашаұлы Рысбаев 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Б.С. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы: заңгер

Еңбек жолы:

1998 жылдың 09 сәуірінен бастап Ақмола қаласы ІІБ Шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше инспекторы;

2001 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІБ «Алматы» ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі;

2003 жылдың 13 наурызынан бастап Астана қаласы ҚІІБ «Алматы» ауданы ІІБ тонау және қарақшылықты ашу бөлімшесінің жедел уәкілі;

2003 жылдың 07 тамызында Астана қаласы ҚІІБ «Алматы» ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі;

2005 жылдың 30 маусымынан бастап Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы;

2008 жылдың 24 шілдесінен бастап Астана қаласы ІІД «Алматы» АІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары;

2010 жылдың 01 қарашасынан бастап Астана қаласы ІІД «Алматы» ауданы ІІБ тергеу бөлімінің бастығы;

2012 жылдың 26 қаңтарынан бастап Астана қаласы Ішкі істер департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары;

2014 жылдың 04 қыркүйегінен бастап Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары;

2016 жылдың 13 қаңтарынан бастап Астана қаласы ІІД «Сарыарқа» ауданы Полиция басқармасының бастығы;

2019 жылдың 05 маусымынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы

Өзгелердің жаңалығы