Ішкі істер министрі ұстаздарды құттықтады

4 Қазан 2020, 14:12
1442
Бөлісу:
Ішкі істер министрі ұстаздарды құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Polisia.kz. 

Еліміздің барлық ұстаздарын кәсіби мереке – Мұғалімдер күнімен құттықтаймын. Сіздердің шәкірт тәрбиелеудегі еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Мұғалім жас жеткіншектің жеке тұлға болып қалыптасуына септесіп, қарым-қабілеті мен талантын дамытуға көмектеседі. Жеткіншектердің мектептегі ортасы олардың болашақ мінез-құлқын қалыптастырса, жоғары оқу орнындағы алған білімі белгілі бір мамандыққа баулып, қоғамға тұлға ретінде танытады. Сондықтан кім-кімге де ұстаз деген ұлы сөз аса қадірлі. Ішкі істер министрлігі өз кезегінде қазақстандық мұғалімдерге алғыс білдіріп, қолдау көрсетеді. Ұстаздық жолды таңдаған барлық жанға зор денсаулық және еңбекте табыс тілейді, – деп жазды Ішкі істер министрі әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.



Өзгелердің жаңалығы