Ішкі істер министрі СҚО тұрғындарымен кездесті

19 Қараша 2022, 14:30
1183
Бөлісу:
Ішкі істер министрі СҚО тұрғындарымен кездесті

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов СҚО тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Polisia.kz мәліметінше, кездесуде негізінен жол қауіпсіздігі, есірткі айналымы, көші-қонды бақылау және ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу сұрақтары көтерілді. Азаматтардың кейбір өтініштері бойынша қызмет басшыларына тапсырмалар берілді.

Кездесуде Марат Ахметжанов жиналғандарды аймақтағы криминогендік жағдаймен таныстырды. Ол полицейлердің назарын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ең проблемалық мәселелерге аударды. Мәселен, облыста жол-көлік оқиғаларының саны артқан. Өкінішке қарай, апаттан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың да саны көбейген. 

Қазір жүргізушілердің тәртібін арттыру үшін жол жүрісі қағидаларын бұзуды автоматты түрде тіркейтін камералар қолданылады. Олар өз тиімділігін көрсетуде. Алайда облыста осындай 43 құрылғы ғана орнатылған. Бұл жеткіліксіз. Апаттың көбеюіне тағы бір себеп – жол инфрақұрылымының төмендігі. Бүгінде облыс бойынша 1700 жол белгісі, қиылыстарда 53 бағдаршам, 4800 км жол таңбасы, 56 км жасанды жарықтандыру орнату қажет. Облыс әкімдігінен осы мәселелерді белсенді түрде шешуді сұраймын, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы