Ішкі істер министрі полиция сыныптарының оқушыларымен кездесті

30 Тамыз 2024, 14:09
491
Бөлісу:
Ішкі істер министрі полиция сыныптарының оқушыларымен кездесті
Фото: polisia.kz

Конституция күніне орай Ішкі істер министрі Ержан Саденов “Жас сақшы” полиция сыныптарының оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу ашық диалог форматында өтті және оның негізгі мақсаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту болды. Балалар полиция қызметі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері туралы түрлі сұрақтар қойып, қызығушылықтарын білдірді.

Министр қызметте тәртіптің және заңға құрметтің маңыздылығын атап өтті. Шара соңында ведомство басшысы кадеттерге естелік сыйлықтар табыстап, оларды мерекемен құттықтады.

Айта кетейік, кадрлық әлеуетті арттыру жылы аясында және қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ІІО қызметкерлерін еске алу мақсатында министрлік республика мектептерінде “Жас сақшы“ полиция сыныптарын, сондай-ақ марқұм қызметкерлердің есімдерін бере отырып, алғашқы әскери даярлық кабинеттерін ашу бойынша жұмыс жүргізді.

Қазіргі уақытта еліміздің 16 өңіріндегі 38 мектепте 55 “Жас сақшы” полиция сыныбы бар.

Сондай-ақ 213 мектепте 224 кабинет ашылып, оларға 156 полиция қызметкерінің есімдері берілді.

Өзгелердің жаңалығы