ҚР Ішкі істер министрі ауысты

12 Ақпан 2019, 15:20
6227
Бөлісу:
ҚР Ішкі істер министрі ауысты

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы болып Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін қызмет еткен Қалмұханбет Қасымов министр лауазымынан босатылған.

Ерлан Тұрғымбаев 2012 жылдан бері ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Ерлан Тұрғымбаев Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында туған. 

Әкесі - Тұрғымбаев Заманбек Есімбекұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, ҚазКСР Министрлер кеңесі кабинетінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген. 

Анасы - Темірбекова Күлжамал Мұхтарқызы (1939 жылы туған), зейнеткер, Абай атындағы Опера және балет театрында жұмыс істеген. 

Ерлан Тұрғымбаев С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2004). 

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік». 

«Билік немесе қызмет өкілеттілігінің шегінен шыққаны үшін қылмыстық жауапкершілік» монографиясының (2004), сондай-ақ 14 мақаланың авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі. 

1984 жылдан - Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі. 

1986 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 

1993 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары. 

1995 жылдан - Алма-ты қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы. 

1996 жылдан - Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы, ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасында Салық тергеулері басқармасының бастығы. 

1997 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІІ. бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.

 2000 жылдан - ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы. 

2002 жылдан - ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

2003 жылдан - СҚО ІІБ бастап 2006 жылдан - ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы. 

2006 жылдың шілде айынан бері- Алматы қаласының ІІД бастығы. II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын», III дәрежелі «Апександр Невский» (РФ) орден-дерімен; 11 медальмен марапатталған. ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.

Полиция генерал-майоры.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан экономикасының өркендеуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары кепілдемелерінің одан әрі дамуы».

Үйленген. Жұбайы - Жансараева Рима Еренатқызы, заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің доценті. Ұлдары - Марлен, Марғұлан.

Өзгелердің жаңалығы