Исекешев Арменияның Қауіпсіздік кеңесінің хатшысымен сөйлесті

<h4 align="justify">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет&nbsp;Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті.</h4>

 30 Қыркүйек 2020 2020, 22:27
30 Қыркүйек 2020 2020, 22:27
1629

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Армян тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев Армения Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорянмен телефон арқылы сөйлесті.

Тараптар Таулы Қарабақ төңірегіндегі армян-әзербайжан қақтығысының ушығуына байланысты ахуалды талқылады.

Әсет Исекешев әріптесіне Қазақстан тарапының ахуалды тұрақтандыру үшін барлық шараны қабылдау, күштік құралдарды пайдаланудан бас тарту қажеттігі, сондай-ақ, мәселені тек саяси және дипломатиялық тұрғыдан шешу туралы ұстанымын жеткізді. 

Наверх