Исатай батыр көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды

31 Тамыз 2022, 17:03
680
Бөлісу:
Исатай батыр көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Исатай батыр көшесінде жол төсемімен жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдың 31 тамызында Исатай батыр көшесінің Байзақ датқа көшесінен Қорғалжын тас жолына дейінгі учаскесіндегі автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген көлік басқармасының хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы