Іс жүзінде мүгедек болып қалды. Әділов қанша әскери адам ауруханада жатқанын айтты

16 Ақпан 2022, 21:04
2012
Бөлісу:
Іс жүзінде мүгедек болып қалды. Әділов қанша әскери адам ауруханада жатқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Тәртіпсіздіктер кезінде 3 мыңнан астам құқық қорғау орган қызметкері мен әскери қызметкерлер әртүрлі дене жарақатын алды. Оның ішінде атыс және пышақтау жарақаттары да бар. Қазір медицина мекемелерінде жаппай тәртіпсіздіктерде ауыр жарақат алған 273 қызметкер мен әскери қызметші емделіп жатыр. Олардың бір бөлігі осы уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Өкінішке қарай, олар әрі қарай жұмыс істей алмайды. Іс жүзінде мүгедек болып қалды, - деді ол. 

Әділов атағандай, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерге шабуыл жасалған бейнежазбалар баршылық. 

Олардың көбін тәртіпсіздікке қатысушылардың өздері таратқан. Қазір бейнежазбалар бойынша қылмыстық шабуылдарға қатысқан адамдар анықталып жатыр, - деді Әділов. 

Өзгелердің жаңалығы