IRNA Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздердің екінші кезеңі өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, Иран тарапы келіссөздердегі ілгерілеуге кедергі келтіретін негізгі факторлар ретінде АҚШ-тың талаптарының шамадан тыс болуы, ұстанымдардың жиі өзгеруі және тұрақты қайшылықтарды атап өткен.
Сонымен қатар Иран жағы теңіз бағытындағы шектеулер мен қысым шаралары келіссөз процесін қиындатып отырғанын мәлімдеді.
IRNA хабарлауынша, қазіргі жағдайда тараптар арасында нақты прогреске қол жеткізу мүмкіндігі төмен, ал келіссөздердің келесі раундына қатысты ақпарат расталмаған.
Агенттік дерегіне сәйкес, келіссөздердің мерзімі мен өтетін орны бойынша да нақты келісім жоқ.