Ирландияда жарылыстан үш адам қаза тапты

9 Қазан 2022, 01:23
1377
Бөлісу:
Ирландияда жарылыстан үш адам қаза тапты

Ирландияның Донегал округіндегі жанармай құю станциясында жарылыс болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

RTЕ телеарнасының мәліметтері бойынша оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда, себебі бірнеше адам үйінділердің астында қалуы мүмкін.

Жарылыстың себебі әлі белгісіз.

Нақтыланғандай, жарылыс Астана уақыты бойынша сағат 20:15 шамасында болған. Оқиға болған жерде дүкендер, пошта бөлімшесі және шаштараз орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы