Ирландия жағалауындағы ауылды теңіз көпіршігі басып қалды

18 Ақпан 2021, 08:41
1508
Бөлісу:
Ирландия жағалауындағы ауылды теңіз көпіршігі басып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирландияның шығыс жағалауы көпіршікке көмкерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Теңізде соққан желден Банмахон ауылы аппақ ұлпаға оранғандай әсер қалдырады.

Толқыған теңіз суының жағаға соғуынан пайда болған көпіршіктер жолдар мен үйлерді жауып қалған. Табиғаттың мұндай құбылысы бұл өңірлерде жиі болады екен. Бірақ жергілікті тұрғындар теңіз көпіршігінің қазіргідей мол көлемде жабуын алғаш рет көріп тұрғандарын айтады. Ал мамандар теңіз көпіршігі әдетте балдырлар мен микроорганизмдердің ыдырап тарауынан пайда болатынын айтады.
Өзгелердің жаңалығы