Астанада ірі өрт оқиғасы тіркелді

13 Ақпан 2019, 22:59
2580
Бөлісу:
Астанада ірі өрт оқиғасы тіркелді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Елордада HighVill құрылыс компаниясының офисі жанып кетті. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жеткен.

«Тұран 5 көшесіндегі Highwill компаниясының ғимараты өртеніп жатқаны туралы 21:11-де хабар түсті. Оқиға орнына 5 минуттан соң өрт сөндірушілер келіп жетті. Қазіргі таңда екі қабатты ғимаратты қызыл жалын толық шарпыған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде», - делінген хабарламада.

Өрт 22:45-те сөндірілген.

Дәурен ЕРБОЛАТ

Өзгелердің жаңалығы