Ірі көлемде есірткі заты тәркіленді

8 Сәуір 2020, 12:06
2773
Бөлісу:
Ірі көлемде есірткі заты тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік полицейлері 39 жастағы ер адамнан ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері көлік прокурорларымен бірлесе отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жамбыл облысының тұрғынын  ұстап, одан жеті келіден аса “гашиш” есірткі затын тауып, тәркіледі.

Ол есірткі затын автокөлік жуатын ғимаратта өткізу мақсатында сақтаған.

Қазір осы факті бойынша Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлімі, 3-тармағы, яғни аса iрi көлемдегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, тасымалдау және сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Шу аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында.

Өзгелердің жаңалығы