Иранның жоғарғы көшбасшысының резиденциясы соққыдан қирады

Елдегі ең қорғалатын нысан соққының астында қалғаны айтылуда.

 ©The New York Times Бүгiн 2026, 21:00
Бүгiн 2026, 21:00
105
Фото: ©The New York Times

АҚШ пен Израиль жасаған соққылар нәтижесінде Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменейдің резиденциясы қирағаны туралы ақпарат тарады. Желіде оқиға орнынан түсірілген алғашқы кадрлар тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The New York Times басылымы 2026 жылғы 28 ақпанда түсірілген спутниктік суреттерді жариялады. Журналистердің мәліметінше, кадрларда Әли Хаменейдің негізгі резиденциясы әрі жоғары деңгейдегі мемлекеттік кездесулер өтетін күзетілетін кешенде ауқымды қирау іздері байқалады.

Спутниктік суреттер аятолла Әли Хаменейдің күзетілетін резиденциясында елеулі қираулар болғанын көрсетеді, - делінген хабарламада.

Басылым сондай-ақ соққылар Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад тұратын ауданға да жасалғанын атап өткен.

Еске салайық, Дональд Трамп АҚШ Иранға қарсы ауқымды әскери операцияны бастағанын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Иранда мектепке жасалған шабуыл салдарынан 40 адам қаза тапқаны туралы жаздық.

Наверх