Иранмен келісім маңызды емес, біз бәрібір жеңдік – Трамп

Сонымен қатар Трамп НАТО елдерінің бұл мәселеде жеткілікті қолдау көрсетпегеніне наразылық білдірді.

 Kevin Lamarque/Reuters Бүгiн 2026, 07:47
Бүгiн 2026, 07:47
104
Фото: Kevin Lamarque/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің нәтижесі ол үшін аса маңызды емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Келісім жасасамыз ба, жоқ па – маңызды емес. Біз бәрібір жеңдік. Біз Иранды әскери тұрғыдан жеңдік, – деді Трамп журналистерге.

Ол сондай-ақ АҚШ Ормуз бұғазындағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, америкалық күштер қажет болған жағдайда бұғазды ашуға дайын.

Сонымен қатар Трамп НАТО елдерінің бұл мәселеде жеткілікті қолдау көрсетпегеніне наразылық білдірді.

Бұған дейін Исламабадта АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер жалғасып жатқаны хабарланған. Алайда тараптар әзірге ортақ келісімге келген жоқ.

Наверх