Ирандағы президент сайлауында дауыс беру уақыты ұзартылды

29 Маусым 2024, 04:16
281
Бөлісу:
Ирандағы президент сайлауында дауыс беру уақыты ұзартылды
Фото: pixabay.com

Ирандағы президент сайлауында дауыс беру уақыты түнге дейін ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ирандық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беру уақытын үшінші рет ұзартқан.

Жергілікті IRIB телеарнасының мәліметінше, ирандықтар жергілікті уақыт бойныша 00:00-ге дейін дауыс бере алады.

Бұл туралы сайлау комиссиясының өкілі Мохсен Эслами мәлім етті.

Президент сайлауында дауыс беру 00:00-ге дейін ұзартылды, - деді ол.

Дауыс беру уақыты бұған дейін екі рет ұзартылғаны белгілі болды. Алдымен 18:00-ден 20:00-ге дейін ұзартылса, кейінірек саяси науқанға дауыс 22:00-ге дейін қабылданады делінген. Үшінші рет ұзарту соңғысы екендігі белгілі. Одан соң дауыстарды санау басталады.

Еске сала кетейік, 20 мамырда Иран президенті мінген ұшақ радардан жоғалып кетіп, артынан оның апатқа ұшырағаны анықталған еді. Ұшақ апатынан Ибрахим Раисидің жанында Сыртқы істер министрі мен Шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы