Иранда үйлену тойы өтіп жатқан жерге жасалған соққыдан 50 адам зардап шекті

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран аумағындағы нысандарға бірқатар соққы жасалғанын хабарлады.

 SaadAbedine/ X 2 Қыркүйек 2026, 08:48
2 Қыркүйек 2026, 08:48
250
Фото: SaadAbedine/ X

Иранның оңтүстігіндегі Сирик қаласында үйлену тойы өтіп жатқан жерге АҚШ әскері жасаған соққы салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы 50 адам жараланды.

Бұл туралы Иран Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Мохтар Салахшур мен Хормозган провинциясы губернаторының орынбасары Ахмад Нафиси мәлімдеді.

Олардың айтуынша, құтқарушылар зардап шеккендерге көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Жараланғандардың кейбірінің жағдайы ауыр болғандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иран аумағындағы нысандарға бірқатар соққы жасалғанын хабарлады. Иранның Press TV телеарнасының мәліметінше, елдің оңтүстік жағалауында, соның ішінде Кешм аралында және бірнеше қалада жарылыстар естілген.

Бұған дейін АҚШ-тың Иранның оңтүстігіне, оның ішінде Хормозган провинциясындағы нысандарға соққы жасағаны хабарланған. Кешм аралындағы шабуылдардың бірінен үш адам қаза тауып, екі бала жараланған.

Наверх