Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иранда қанша қазақстандық студент бар?

Бүгiн, 11:29
153
Бөлісу:
 rsmu.ru
Фото: rsmu.ru

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов елдегі жалғасып жатқан наразылықтар аясында Иран аумағында жүрген қазақстандық студенттердің ахуалы жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Иранда білім алып жатқан Қазақстан студенттері жоқ.

Сонымен қатар министрлік Иранның жоғары оқу орындарында өз бетінше оқып жүрген қазақстандық студенттер бойынша жеке есеп жүргізбейтінін нақтылады.

Бұған дейін Иранда болған наразылықтар кезінде қауіпсіздік құрылымдарының қызметкерлерін қоса алғанда, шамамен 2500-ден астам адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.

Экономикалық жағдайдың күрт нашарлауынан туындаған қазіргі толқулар Иранның діни басшылығы үшін кемінде соңғы үш жылдағы ең күрделі ішкі сынаққа айналды.

Белгілі болғандай, Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Қазақстан рейстердің бағыттарын өзгертті.

Өзгелердің жаңалығы