Иранда коронавирусты метанолмен "емдеуден" 700-ден астам адам қаза тапты

28 Сәуір 2020, 12:10
1445
Бөлісу:
Иранда коронавирусты метанолмен "емдеуден" 700-ден астам адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ.  Иранның денсаулық сақтау министрлігінің кеңесшісі Хосейн Хасаниан COVID-19 инфекциясын емдеуде  метанолды дәрі ретінде қолдану салдарынан елде 728 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Associated Press хабарлайды, деп жазады  nv.ua.

Елде алкоголь пайдалануға тыйым барына қарамастан, тұрғындардың бірқатар бөлігі қауіпті у саналатын метанолмен емделіп көрген. Ал, метанолға деген сұраныс артқан кезде оны қолдан өндіре бастаған.

Иранның сот-медициналық сараптама ұлттық басқармасы 2020 жылы алкогольдан улану көрсеткіші ондаған есеге артқанын мәлімдеді.

Соңғы деректер бойынша, бұл елде вирус жұқтырғандар саны 91 472, оның 70 933-і жазылып шықса, 5806-ы қаза тапқан.
Өзгелердің жаңалығы