Иранда COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны өсуде

18 Шілде 2021, 16:32
2070
Бөлісу:
Иранда COVID-19 вирусын жұқтырған азаматтардың саны өсуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте 15 139 жаңа жағдай анықталды. Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 3 501 079-ға жетті.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус құрбандарының саны 86 966 адамды құрағанын растап, соңғы 24 сағат ішінде 175 адам қайтыс болғанын жариялады. 

Иранның COVID-19-бен күрес брйынша ұлттық штабының ресми өкілі Алиреза Раиси бұл елде "дельта" штаммының таралуы басым екенін мәлімдеді. 

Бүгінге дейін Иранда коронавирусқа қарсы 5 891 385 адамға вакцина егілген, оның 2 252 021-і екі дозаны да алынған.

Өзгелердің жаңалығы