Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте 15 139 жаңа жағдай анықталды. Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 3 501 079-ға жетті.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус құрбандарының саны 86 966 адамды құрағанын растап, соңғы 24 сағат ішінде 175 адам қайтыс болғанын жариялады.
Иранның COVID-19-бен күрес брйынша ұлттық штабының ресми өкілі Алиреза Раиси бұл елде "дельта" штаммының таралуы басым екенін мәлімдеді.
Бүгінге дейін Иранда коронавирусқа қарсы 5 891 385 адамға вакцина егілген, оның 2 252 021-і екі дозаны да алынған.