Иранда байытылған уран қорының көп мөлшері бар екені анықталды

1 Маусым 2021, 14:54
2895
Бөлісу:
Иранда байытылған уран қорының көп мөлшері бар екені анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иранда көп мөлшерде байытылған уран қоры табылды. Оның көлемі 2015 жылғы атом келісімшартында қарастырылған межеден 16 есе көп. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі МАГАТЭ халықаралық агенттігі мәлімдеді, деп жазды Хабар24.

Халықаралық ұйымның хабарлауынша, қазір оның көлемі 3 241 келіге жетеді. Ресми Тегеран Иранда мұншалықты көп байытылған уран қайдан пайда болғанын әлі түсіндіре қоймаған. Және ұйымға өзінің атом нысандары туралы толық ақпарат бермеген.

Осыған байланысты ұйым басшысы Рафаэль Гросси бұл Иранмен Венада бір айдан бері жүргізіліп жатқан келіссөзге нұқсан келтіруі мүмкін дейді.



Өзгелердің жаңалығы