Иран жеті аптадан бері ғаламдық интернеттен ажыратылған

Елде цифрлық оқшаулау жалғасып жатыр

 pixabay.com Бүгiн 2026, 09:49
Бүгiн 2026, 09:49
99
Фото: pixabay.com

Иранда интернетке қолжетімділікке шектеу қойылғанына 50 күн болды. Бұл туралы халықаралық мониторинг қызметі NetBlocks мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәлімдемеде Иранның жеті аптадан бері ғаламдық интернеттен оқшауланғаны, ал цифрлық блокаданың 50 күнге, яғни 1 176 сағатқа жеткені айтылған.

Еске салайық, 11 сәуірде Иран мен АҚШ Исламабадта бірнеше раунд келіссөз өткізген болатын. Иран делегациясын парламент спикері Мохаммад-Багер Галибаф, ал америкалық тарапты вице-президент Джей Ди Вэнс басқарды.

Кейін Тегеран мен Вашингтон тараптары бірқатар келіспеушіліктерге байланысты қақтығысты ұзақ мерзімді реттеу жөнінде ортақ келісімге келе алмағанын мәлімдеді.

Наверх