Алматы, BAQ.KZ. Иран билігі "Халықаралық Украина әуежелісінің" жолаушылар ұшағын байқаусызда атып құлатқандарын ресми мойындады. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Осыған ұқсас хабарламалар ирандық ақпарат агенттіктерінде де тарады. Иран қарулы күштер штабының мәлімдемесінде ұшақты атудағы себеп "адам қателігі" делінген.
Бұған дейін Иран билігі ұшақты жергілікті қарулы күштермен атып түсірілуі мүмкін деген нұсқаны жоққа шығарып, қайғылы оқиға техникалық ақаудан болуы мүмкін дегенді алға тартқан еді.