Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы ірі америкалық компаниялардың Таяу Шығыста орналасқан кеңселеріне соққы беруі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Tasnim агенттігі жазды.
Терактілердің нысандарын әзірлеу және бақылауда негізгі рөл атқаратын — ИКТ және ЖИ саласында жұмыс істейтін америкалық компаниялар. Осыған байланысты террористік операцияларға жауап ретінде мұндай әрекеттерге қатысы бар негізгі мекемелер енді біздің заңды нысаналарымызға айналады, – деп жазылған Ислам революциялық сақшылар корпусы мәлімдемесінде.
Мәлімдемеде "террористік тыңшылыққа" қатысы бар компаниялар 1 сәуірдің кешінен бастап жауап шараларының нысанасына айналуы мүмкін екені атап өтілген.
ИРСК (Ислам революциялық сақшылар корпусы) ықтимал нысандар қатарында Cisco, HP, Intel, Oracle, Microsoft, Apple, Google, Meta, Nvidia, Tesla, Boeing және басқа да компанияларды атады.
Аймақта орналасқан осы компаниялардың қызметкерлеріне қауіпсіздік мақсатында жұмыс орындарын тастап кету ұсынылды.