Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран СІМ басшысы: Соғыс болса да, ядролық бағдарламадан бас тартпаймыз

Аида БАТУХАН
Бүгiн, 12:23
167
Бөлісу:
 Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

АҚШ-пен Оман сұлтандығында өткен келіссөздердің кезекті кезеңінен екі күн өткен соң Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BILD-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, егер жағдай ушығып, соғысқа ұласса да, Тегеран ядролық бағдарламасын тоқтатпайды.

Тегерандағы форумда сөйлеген министр уран байыту мәселесі Иран үшін қағидатты бағыт екенін атап өтті.

Біз бұл процестен неге үзілді-кесілді бас тартпаймыз, тіпті соғыс таңылса да? Себебі ешбір ел бізге қалай өмір сүру керегін бұйыра алмайды, - деді ол.

Арагчидің сөзінше, Иран өзінің «бейбіт мақсаттағы атом бағдарламасы» үшін қымбат баға төлеген. АҚШ-тың әскери кемелерін өңірге шоғырландыруы Тегеранды қорқытпайтынын да ашық айтты.

Біз – дипломатияны ұстанатын халықпыз, бірақ соғысқа да дайын халықпыз. Алайда бұл біз соғысқа сұранып отырмыз деген сөз емес, - деді Аббас Арагчи.

Сонымен бірге ол Иран соғыс іздеп отырған жоқ екенін нақтылады. Дегенмен Вашингтонның дипломатиялық ниетіне күмәнмен қарайтынын жасырмады. Себебі Омандағы келіссөздер аяқталғаннан кейін-ақ АҚШ Иранның мұнай экспортына қатысты жаңа санкциялар енгізген. Осыған байланысты Тегеран алдағы қадамдарын барлық саяси және әскери сигналдарды саралай отырып қабылдайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Омандағы Маскат қаласында өткен Иранмен жанама келіссөздерді "өте жақсы" деп атаған еді.

Өзгелердің жаңалығы