Иран СІМ басшысы: АҚШ-пен текетіресте жеңіске жеттік

Сыртқы істер министрі Аббас Аракчидің айтуынша, Тегеран қақтығыстан күшейіп шығып, енді бейбіт келісім жасауға қолайлы жағдай қалыптасқан.

 depositphoto.com Бүгiн 2026, 11:51
Бүгiн 2026, 11:51
170
Фото: depositphoto.com

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеран АҚШ-пен болған текетіресте өзін жеңімпаз санайтынын және қалыптасқан жағдайды Вашингтонмен алдағы келіссөздерде өз ұстанымын нығайту үшін пайдалануға ниетті екенін мәлімдеді.

Сыртқы саясат ведомствосының басшысы ирандық қарулы күштер мен халықтың төзімділік танытып, сыртқы қысымға қарсы тұра алатынын көрсеткенін айтты.

Соғысты аяқтаудың ең қолайлы сәті – бізде басымдық болған кезде. Біз шынымен де ұрыс алаңында жеңіске жеттік, – деді Аракчи.

Министр қазіргі жағдай Иранға АҚШ-пен болашақ келісімдерді талқылау кезінде анағұрлым қолайлы мүмкіндік қалыптастыруы мүмкін екенін де атап өтті.

Бұған дейін Пәкістанның премьер-министрі Вашингтон мен Тегеран арасында жасалатын бейбіт келісімнің соңғы мәтіні келісілгенін хабарлаған болатын. Ал Аракчидің өзі бұған дейін келіссөздер үдерісінде елеулі ілгерілеу бар екенін айтып, келісімдердің егжей-тегжейі кейінірек жарияланатынын мәлімдеген еді.

Екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақын арада реттеу мүмкіндігі туралы АҚШ президенті Дональд Трамп та бұған дейін мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, тараптар мамыр айының соңында болашақ келісімнің негізгі ережелері бойынша ортақ мәмілеге келген.

Наверх