Алматы, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясы басталғалы Иранда бұл сырқатқа 25 миллион адам шалдықты. Бұл туралы індетпен күресудің Ұлттық штаб жиналысында Иран Республикасының президенті Хасан Роухани мәлімдеді, деп хабарлады "Хабар 24".
Оқи отырыңыз:
Қазіргі тұста Иранның 25 миллион тұрғыны коронавирус жұқтырған деп ойлаймыз. Осы кезге дейін бұл дерттен 14 мыңдай адам қайтыс болды. Маған тапсырған баяндамаға сәйкес індет басталғалы 200 мыңнан аса науқас ауруханаларға жатқызылды, ал 35 миллион адам бұл сырқатқа шалдығуы мүмкін, - дейді Иран президенті Хасан Роухани.