Иран Президенті АӨСШК саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

12 Қазан 2022, 23:20
1229
Бөлісу:
Иран Президенті АӨСШК саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда әуежайында оны Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды. 

АӨСШК саммиті Астанада 12-13 қазанда өтеді. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңдегі аймақтағы ең ауқымды саяси оқиғалардың бірі болады деп күтілуде. Іс-шараға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары, Вьетнам вице-президенті және ҚХР Төрағасының орынбасары қатысады. Саммитке АӨСШК-нің бақылаушы мемлекеті болып табылатын Беларусь президенті де қатысады.

Өзгелердің жаңалығы