Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа жеті шарт қойды

Тегеран БҰҰ Бас ассамблеясы аясында бұғаздағы қалыпты кеме қатынасын жеті күн ішінде қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ұсыныс жасаған.

 depositphotos.com 5 Қазан 2026, 03:40
5 Қазан 2026, 03:40
313
Фото: depositphotos.com

Иран Ормуз бұғазын АҚШ-пен маусым айында жасалған уақытша келісімде көрсетілген жеті шарт орындалмайынша ашпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Иран парламентінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф мемлекеттік БАҚ-қа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Оның сөзінше, Тегеран БҰҰ Бас ассамблеясы аясында бұғаздағы қалыпты кеме қатынасын жеті күн ішінде қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ұсыныс жасаған. Вашингтон бұл ұсынысқа Катар арқылы жауап берген.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи Тегеран АҚШ ұсыныстарына жауап ретінде өзінің негізгі ұстанымдарын делдалдар арқылы жеткізгенін айтты. Оның сөзінше, Иран үшін қазіргі таңда Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қалпына келтіру және АҚШ тарапынан нақты қадамдардың жасалуы маңызды.

Багаи Тегеранның ядролық нысандарын халықаралық инспекцияға ашу арқылы АҚШ санкцияларын жеңілдетуді ұсынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, Иран мен АҚШ арасында қазіргі кезеңде ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ.

Сонымен қатар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеран дипломатиялық шешімге үміттенетінін, алайда АҚШ әскери әрекеттерге қайта барса, елдің жауап беруге дайын екенін мәлімдеді.

Ормуз бұғазы — әлемдік мұнай мен сұйытылған табиғи газ тасымалының шамамен бестен бірі өтетін стратегиялық теңіз жолы.

 

Наверх