Иранның Халықаралық теңіз ұйымындағы өкілі Али Мусави Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұғаз арқылы өту барлық елдер үшін ашық, тек қарсы тарап саналатын мемлекеттерден басқа.
Кемелер Ормуз бұғазы арқылы Тегеранмен үйлестіре отырып өте алады. Бұғаз барлық елдер үшін ашық, тек қарсы тараптарға ғана шектеу қойылады, – деді Мусави.
Айта кетейік, бұған дейін 22 елдің көшбасшылары бірлескен мәлімдеме жасап, Иранды Ормуз бұғазын жабу әрекеті үшін айыптаған болатын.
Сондай-ақ бұған дейін жеті мемлекет Ормуз бұғазын қайта ашуға жәрдемдесуге дайын екенін мәлімдеген еді.