Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс. СІМ мәлімдеме жасады

15 Сәуір 2024, 12:20
208
Бөлісу:
Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс. СІМ мәлімдеме жасады
Фото: СІМ

Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіретінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады. Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы