Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран МАГАТЭ-мен ядролық келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді

25 Шілде 2025, 23:30
667
Бөлісу:
 ТАСС/EPA/MAX SLOVENCIK
Фото: ТАСС/EPA/MAX SLOVENCIK

Иран Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) өзінің ядролық бағдарламасына қатысты техникалық деңгейдегі келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы МАГАТЭ бас директоры Рафаэль Гросси айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Иран ядролық бағдарламасына қатысты БҰҰ-ның ядролық бақылау органымен техникалық келіссөздерді қайта бастауға ниетті, - делінген ақпаратта.

Reuters мәліметінше, МАГАТЭ соңғы кездері Израиль мен АҚШ тарапынан жасалған әуе шабуылдарынан кейін инспекциялық жұмыстарды жалғастыру үшін Ираннан рұқсат алу қажеттігін атап өткен. Бұл шабуылдардың мақсаты – Иранның ядролық бағдарламасын тежеу және республиканы ядролық қару жасау мүмкіндігінен айыру болған.

Бұған дейін, 24 шілдеде Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади, АҚШ егер Иранның Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) шеңберіндегі құқықтарын мойындаса, екі ел арасындағы келіссөздер қайта басталғанын мәлімдеген еді. Ал 23 шілдеде ол Иран жаңа келіссөздер кезеңінде америкалық тараптан әскери соққылар болмайтынына сенімді болғысы келетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы