АҚШ президенті Иран келісімге келмесе, теңіз блокадасы қарастырылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол осыған қатысты жазбаны Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады.
Америка басшысы Just The News ресурсының Венесуэланың теңіз блокадасы елдің мұнайдан түсетін табысын «тұншықтырғаны» туралы материалына сілтеме бөлісті.
Егер Иран сенбі күні АҚШ ұсынған түпкілікті келісімді қабылдаудан бас тартса, Трамп бұған дейін уәде еткендей, Тегеранды бомбалау арқылы “тас ғасырға” жіберуі мүмкін. Немесе ол өзінің бұрынғы табысты қоршау стратегиясын қайталап, онсыз да әлсіз иран экономикасын тұралатып, Қытай мен Үндістанға дипломатиялық қысымды күшейту үшін олардың негізгі мұнай көздерінің бірін жауып тастауы ықтимал, – деп жазды «Егер Иран шегінбесе, президент Трамптың қолындағы көзір: теңіз блокадасы» атты мақала авторы.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ пен Иран Исламабадтағы келіссөздерде ортақ мәмілеге келе алмағаны туралы жаздық.