Иран Ислам Республикасының президенті ресми түрде қызметіне кірісті

Бүгiн, 07:20
226
Бөлісу:
Иран Ислам Республикасының президенті ресми түрде қызметіне кірісті
Фото: IRNA агенттігі

Кеше Тегеранда Иран Ислам Республикасының 14-ші президенті Масуд Пезешкянның өкілеттігі ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары лауазымды әскери офицерлердің, саясаткерлердің және шетелдік дипломаттардың қатысуымен Иранның рухани көсемі, 85 жастағы аятолла Әли Хаменеи Масуд Пезешкянды елдің жаңа президенті ретінде ресми түрде мақұлдады. Мұндай іс-шара жаңа президент өкілеттігінің ресми түрде басталғанын білдіреді. Бұл туралы ол өзінің X парақшасында хабарлады.

Әли Хаменеи Пезешкия үкіметінің сыртқы саясатында «Осы жылдар бойы БҰҰ-ның ішінде де, сыртында да қысымға ұшыраған кезде Иранды қолдаған мемлекеттерге» басымдық беру керектігіне назар аударды. Мұндай елдердің ішінде ол Иранның көршілерін, сондай-ақ Африка мен Азиядағы мемлекеттерді атады.

Өз кезегінде Масуд Пезешкян Иранда реформалар қажет екенін атап өтті, бірақ ол «жоғарғы көшбасшының жалпы саясатын жүзеге асыруға» ұмтылатынын айтты. Сол күні Пезешкян өз жарлығымен Мохаммад Реза Арефті бірінші вице-президент етіп тағайындады.

6 шілдеде Ирандағы президенттік сайлаудың екінші турында Масуд Пезешкян жеңіске жеткен.

Өзгелердің жаңалығы