Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Иран АҚШ-пен ядролық келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді

Бүгiн, 12:17
165
Бөлісу:
 Anadolu
Фото: Anadolu

Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Иранның АҚШ-пен ядролық келіссөздерге қатысты ұстанымы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осыған дейін АҚШ-тың Иранға шабуыл жасауы мүмкін екені болжанған еді. Ирантанушы Жәнібек Көпжасар Аббас Аракчи Иранның аймақтағы достас елдермен бірге осындай сенім деңгейін қалыптастыру жолдарын қарастырып жатқанын және келіссөздерді қайта жандандыруға күш салып отырғанын жеткізді.

Ол АҚШ Президенті Дональд Трамптың “Иранда ядролық қару болмауы тиіс” деген мәлімдемесімен толықтай келісетінін айтып, Тегеран ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатын кепілдендіруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл ретте Иран АҚШ тарапынан санкциялардың алынып тасталуын күтеді.

Сонымен қатар, Аракчи Иранның уранды байыту құқығы мойындалған жағдайда, келіссөздердегі өзге шарттарды талқылауға дайын екенін атап өтті.

Оның сөзінше, дәл осы шарт орындалса, келіссөз форматы да, егжей-тегжейі де кедергі болмайды. Иран бұл мәлімдеме арқылы келіссөздерді тек ядролық мәселемен шектегісі келетінін ашық көрсетті.

Зымыран бағдарламасы, аймақтық ықпал сияқты тақырыптар күн тәртібінен тыс қалуы тиіс. Тегеран толық сенімнің қайтып келмейтінін мойындай отырып, прагматикалық тәсілге көшіп отыр.

Ирантанушы Аракчидің Трамптың сөзіне сілтеме жасауын Вашингтонға бағытталған саяси сигнал деп қабылдауға болады дейді.

Иран “ядролық қару болмайды” деген формуламен келісуге дайын. Уран байыту Иран үшін келіссөздің негізгі шарты. Бұл құқық мойындалмайынша, ешқандай кең келісім мүмкін емес екенін Тегеран тағы да қайталап отыр, - деп жазады ол.

Өзгелердің жаңалығы