Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізіп жатқанын тағы да жоққа шығарды

Соңғы 31 күн ішінде, яғни әскери қақтығыс басталғалы бері Иран АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбеген.

 freepik Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
144
Фото: freepik

Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи АҚШ-пен келіссөздер жүргізіліп жатыр деген ақпаратты тағы да жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, соңғы 31 күн ішінде, яғни әскери қақтығыс басталғалы бері Иран АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбеген.

Сонымен қатар ол АҚШ тарапынан белгілі бір ұсыныстар түскенін, олардың делдалдар, соның ішінде Пәкістан арқылы жеткізілгенін растады. Алайда ресми Тегеран бұл ұсыныстарды келіссөз деп санамайды.

Біздің ұстанымымыз айқын. Қазіргі уақытта АҚШ тарапынан әскери қысым жалғасып жатқанда, барлық күш-жігеріміз ел мүддесін қорғауға бағытталған, – деді ол.

Иран өкілі дипломатияға қатысты сенімнің әлсірегенін де атап өтіп, соңғы бір жыл ішінде екі рет «сатқындыққа» тап болғанын мәлімдеді.

Наверх