Ирак түрмелерінен қазақстандық балалар босатылады

4 Қараша 2019, 23:10
3458
Бөлісу:
Ирак түрмелерінен қазақстандық балалар босатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ирактың түрмелерінен қазақстандық балаларды босату жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24.kz. 

Таяу шығыс елінде сотталып, абақтыға қамалған әйелдердің сәбилері де олармен бірге темір торда отыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі осы ретте шамамен 10 баланы елге қайтару үшін арнайы операцияға дайындалып жатқанын хабарлайды.
Ирактан балаларды алып келеміз. Осы айда болу керек. Нақты мерзімін айта алмаймын. Олардың шешелері сотталып, түрмеде отыр. Сондықтан балалары бірге қалмасын деп, туған-туыстары өтініш білдіріп, сол балаларды алып келеміз, - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 



Өзгелердің жаңалығы