Ирак Сириямен арадағы шекараны дуалмен шегендей бастады

6 Қазан 2023, 02:45
477
Бөлісу:
Ирак Сириямен арадағы шекараны дуалмен шегендей бастады
Фото: скрин

Ол Ирактың солтүстік-батысындағы Анбар аймағында бой көтеріп жатыр. Жоспар бойынша дуал 50 шақырымға созылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, дуал Шам елінен ағылған лаңкестік ұйымдардан қорғану үшін тұрғызылып жатыр. 2014 жылы содырлар қос мемлекеттің біраз аумағын басып алып, өз билігін құрмақ болған. Жалпы, Ирак пен Сирия шекарасының ұзындығы 600 шақырымды құрайды.

Үкімет Сириядағы саяси ахуалды ескере келе арадағы шекарада бақылауды күшейтіп, қабырға салуды шешті. Ол аймақты тиімді қадағалауға мүмкіндік береді деп сенеміз, - дейді Ирак әскерінің өкілі Тахсин Әл-Хафаджи.

Өзгелердің жаңалығы