Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ендігі уақытта бас қаланың тұрғындары ЭЦҚ-ны іQala қалалық қызметтер көрсету орталығында да ала алады, деп хабарлады Елорда Инфо.
Енді осы аудан тұрғындарына электрондық цифрлық қолтаңба алу үшін ХҚО-ға бару міндетті емес. Бұл қызмет іQala-да жеке тұлғалар үшін қолжетімді. Бұл жақын деген Халыққа қызмет көрсету орталығына дейін айтарлықтай алшақтықты ескерсек, өте ыңғайлы. Жалпы іQala-да елорда тұрғындары 119 қызмет түрін ала алады, оның ішінде онлайн түрінде. Мәселен "Астана су арнасы", "Астана-БЕО", "АРЭК" және т.б. шарт жасаса алады. Осылайша, ашылған сәтінен бастап 3,8 мың операциялар көрсетілген, олардың 65% - цифрлық форматта. Монополистердің қызметтері жақындай түсті, - деп жазды қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram парақшасында.Орталық қызметіне астаналықтар www.iqala.kz порталында онлайн режимде немесе Р.Қошкарбаев көшесі, 29 мекенжайындағы кеңседен алу мүмкіндіктері бар.