iPhone-да қазақ тілі пайда болды

7 Маусым 2022, 12:50
2200
Бөлісу:
iPhone-да қазақ тілі пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. iOS 16 жаңарды, енді iPhone-да қазақ тілі пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

iOS 16 байланыс орнатудың тәсілдерін кеңейтті.

Apple ресми сайты бұл жолы операциялық жүйені толықтай жаңартқанын хабарлады.

"Операциялық жүйе жаңа тілдермен толықты. iOS 16-да қазақ және болгар тілдері болады", - делінген хабарламада. 

Қазақ тілінде мәзір және теру кезінде қазақ тілін автокоррекциялау функциясы қолжетімді болады. Жаңа өзгерістер iOS 16-да пайда болады.

Еске салайық, 2019 жылы iOS 13-те қазақша пернетақта пайда болған еді.

Өзгелердің жаңалығы