Инвесторларға қолайлы жағдай жасалған - Шәпкенов

10 Қараша 2022, 20:48
911
Бөлісу:
Инвесторларға қолайлы жағдай жасалған - Шәпкенов

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Кестутис Янкаускас бастаған делегацияны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қабылдауға 11 елдің Хорватия, Болгария, Португалия, Нидерланды Корольдігі, Эстония, Бельгия, Германия, Словакия, Франция, Испания, Австрия мемлекеттерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Франция елшілігінің экономика мәселелері жөніндегі атташесі қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Атырау облысының Еуропалық Одақ елдерімен арадағы дипломатиялық келісімдер қос тарапқа да жемісті болғанын айтып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған мәселелерді талқылады.

Еуропалық Одақ - еліміздің басты экономикалық әрі сауда серіктестерінің бірі. Аймақ басшысы  Серік Шәпкенов мұндай сауда-экономикалық және инвестициялық қатынасты ынтымақтастықтың аса маңызды бағыттарының бірі екенін айтып, делегация өкілдері ұсынған Атырау облысы үшін маңызды жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысында ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру саласын дамыту жөнінде берген тапсырмасын басты назарға ала отырып, оны жүзеге асыру үшін Еуроодақ елдерімен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Өңірімізде арнайы экономикалық аймақ құрылды. Мұнда инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ болашақта полиэтилен және бутадиен өндірісін өркендетуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан өңір халқы үшін маңызды жобаларды қолдауға дайынмын,-деді С.Шәпкенов.

Кездесу барысында еліміздегі Еуропалық Одақ елшісі мен делегация мүшелері Атырау облысындағы көлік-логистика саласын жаңғыртуға, өнеркәсіптік инфрақұрылым мен жасыл экономиканы дамытуға мүмкіндік барын айтты.

Бұл менің Атырау облысына алғашқы сапарым. Қазақстанның көрнекті орындарының бірі – Азия мен Еуропаны жалғайтын көпірді көруге асықпын. Бұл өңірге лауазымды тұлғалардың келуі, сауда айналымының өсуі, көптеген компаниялардың Қазақстан нарығында келісімшарт жасасып, соның аясында белсенді жұмыс істеуі – екіжақты қарым-қатынастың жақсы дамығанының айқын көрсеткіші. Еуропалық Одаққа мүше елдердің бәрі Қазақстанның ең ірі инвестициялық серіктесі. Бүгінде көптеген мемлекет Қазақстанға келіп өзінің білімімен және технологияларымен бөлісіп, инвестиция жасауға дайын. Сіз атап өткен төрт сала ғана емес, басқа салаларда да олардың тәжірибесі көп,-деді К.Янкаускас.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айында Атырау облысының Еуроодақ елдерімен сыртқы сауда айналымы 14,4 млрд АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт - 14,1 млрд  АҚШ доллары, импорт – 269,02 млн АҚШ доллары.

Өзгелердің жаңалығы