Инвестицияға қатысты мәселелермен «Бәйтерек» холдингі белсендірек айналысатын болады

Президент инвестиция тарту жүйесін бір орталықтан үйлестіріп, «Бәйтерек» холдингінің рөлін күшейтуді ұсынды.

 Ақорда 28 Қазан 2026, 11:59
28 Қазан 2026, 11:59
113
Фото: Ақорда

Қазақстанда инвесторларды тарту және оларға қолдау көрсету жүйесін қайта қарау жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы инвестициялық саясатты бірізді жүргізіп, мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру үшін «Бәйтерек» холдингінің мүмкіндіктерін белсендірек пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Әлемде инвестицияға талас күшейіп келеді. Бәсекеге қабілетті болу үшін жедел шешімдер қабылдап, жылдам әрекет ету қажет. Бірақ елімізде инвестор тарту және оларды жан-жақты қолдау жүйесінде бірізділік жоқ. Әрбір мекеме немесе жеке тұлға ойында не бар болса, соны істей береді. Нәтижесінде кешенді көзқарас та, үйлесімділік те, сабырлық та, білім де жетіспейді. Сондықтан инвестиция тарту ісін бір орталықтан басқаруға мүмкіндік беретін тұтас жүйені жетілдіре түсу керек, - деп атап өтті Президент Қазақстан халқына Жолдауында. 

Айтуынша, инвестициямен жүйелі түрде айналысуды қолға алатын мекеме қажет. 

Менің ойымша, баяғыдан сөреде жатқан мәселені, яғни инвестициялармен жүйелі түрде айналысатын мекемені анықтау керек. Себебі қазіргі таңда осы бағытта жүйе жоқ. Бірқатар мемлекеттік мекемеге бірдей құзыреттер берілген. Қазіргі жағдайда бұл тәсілдер заман талабына сай келмейді, әбден ескірген.Бәлкім, инвестицияға қатысты мәселелермен «Бәйтерек» холдингі белсендірек айналысқаны дұрыс шешім болар. Ал Экономика министрлігі, Сыртқы істер министрлігі инвестицияларға байланысты кейбір құзыретін орындауды жалғастырады, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Наверх