Қазақстанға инвестиция тарту үшін 40 басым мемлекет анықталды

4 Ақпан 2019, 17:47
3116
Бөлісу:
Қазақстанға инвестиция тарту үшін 40 басым мемлекет анықталды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Инвестицияларды тарту тиімділігін арттыру мақсатында инвестиция тарту үшін 40 басым мемлекет анықталды.  
СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров апта сайынғы брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің экономикалық дипломатиясын ілгерілетудегі жұмысының тетіктері туралы айтты.

«30 қаңтарда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Елбасы «инвестицияларды тартудың күрделі экожүйесін құру, әсіресе дамыған елдердің инвесторларына назар аудару» тапсырмасын қойған болатын. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Мемлекет басшысының осы бұйрығын орындау бойынша жұмысын дереу бастады. Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлармен өзара әрекеттесудің барлық жүйесіндегі жаңа жұмыс форматы құрылуда. Елбасы айтқандай Сыртқы істер министрлігіне облыс әкімдіктерден бастап еліміздің шетелдік мекемелеріне дейін Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту бойынша барлық деңгейдегі жұмысты синхрондау өкілеттігі берілген болатын», - деді ресми өкіл.

Сонымен қатар, Айбек Смадияров елімізге инвестицияларды тарту тиімділігін арттыру мақсатында инвестиция тарту үшін 40 басым мемлекет анықталғанын айтты.

«Қазақстанның шетелдік мекемелер қызметінің тиімділігі және есеп беруін арттыру үшін Министрлік өз тарапынан негізгі көрсеткіштерді әзірледі. Олардың ішінде, статистикалық деректер (тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы айналымы мен сауда көлемі); жаңа инвесторларды тарту және қолданыстағы инвесторлармен жұмыс жасау (олардың көңіл-күйін бақылау, қайта инвестициялау). Әрбір елшілікке қабылдаушы елдегі нақты міндеттер мен жұмыс көрсеткіштері анықталған, жауапты тұлғалар тағайындалып, жұмысқа жаңа тәсілдер әзірленді», - деді ол.

Баспасөз қызметінің басшысы жергілікті жерлерге инвестиция тартуда Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық компаниялар басшыларының орынбасарларына қандай міндет жүктелгеніне де тоқталды.

«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұлттық компаниялар басшыларының орынбасарларына инвестицияларды тарту және шетелдік мекемелермен қарым-қатынас орнату үшін қажетті функциялар жүктеледі. Елшілік – Орталық – «Kazakh Invest» ҰК» АК желісінде өңірлердегі фронт-офистері тізбегінде тікелей өзара іс-қимыл жасау үшін Жобалық офис шеңберінде мониторинг жүйесі құрылуда. Бұл инвестицияларды тарту процесіндегі барлық қатысушы арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Еліміздің барлық өңірлерінде «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының фронт-офистері жұмыс атқаруда. Өз кезегінде, Сыртқы істер министрлігі олардың қызметін біздің шетелдік мекемелерімен бірлесе үйлестіреді», - деп түйіндеді Смадияров.

Бұған дейін Айбек Смадияров Дели әуежайында әуе билетін қолдан жасағаны үшін жергілікті полиция Қазақстан азаматын ұстағанын және Ресейде өзіне-өзі қол жұмсаған шымкенттіктің мүрдесі елге әкелінетіні жайлы, Астанада мамырда ЕАЭК отырысы өтетіні туралы мәлімдеген болатын.

Рахила Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы