Инвестициялық монеталар сатылымға шығады

5 Мамыр 2021, 16:47
2147
Бөлісу:
Инвестициялық монеталар сатылымға шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі 2021 жылы 6 мамырда ALTYN BARYS инвестициялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлайды.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары – 999,9 жоғары сынамалы, сапасы жоғары алтын монеталар.

Инвестициялық монеталардың ерекшелігі – бұл монеталар жасалған металдың өзіндік құны мен салмағына байланысты табыс әкелетіндігінде. Сондай-ақ, ережелерге сәйкес, инвестициялық монеталарды Ұлттық Банк кері сатып алуға қабылдай береді және олардың құны монетадағы металдың салмағына қарай есептеледі.

Барлық номиналдағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сәйкес кез келген төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдана береді, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Инвестициялық монеталар сатылымға шығады


Өзгелердің жаңалығы