Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Инватакси қызметіндегі заңсыздықтар: Атырауда үш лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Атырау облысының прокуратурасы 156 мүмкіндігі шектеулі жанның құқығын қалпына келтірді. Заңсыздықтарға жол берген үш лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Жылыой ауданының прокуратурасы инватакси қызметін ұйымдастыру кезінде өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.

1-ші және 2-ші топтағы мүгедектігі бар жандар қозғалыс кезінде және диспетчерлермен байланыс орнатуда негізсіз шектеулерге тап болған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау барысында прокурорлар жергілікті инватакси қызметі ауылдық округтер мен елді мекендерге көрсетілмегенін, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің жұмысы тиісті түрде ұйымдастырылмағанын анықтады. Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны және заң бұзушылықтарға жол бергені үшін үш лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде ауданның 156 тұрғынының құқықтары толықтай қалпына келтірілді, - деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Өзгелердің жаңалығы