Интернет тарифтерінің бағасын реттемейміз - Мусин

25 Шілде 2023, 11:20
1591
Бөлісу:
Интернет тарифтерінің бағасын реттемейміз - Мусин
VIDEO
Фото: автордан

Үкімет кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет тарифтерінің бағасына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Байланыс операторларының тарифтерін ұстайық, оларды көтермейік дейтін болсақ, 10 жылдан кейін не істейміз? 10 жылдан кейін біздің инфрақұрылымымыз әлсіреп, ештеңеге сай болмай қалады. Біз халықаралық деңгейлерді қарастырып, бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ал тарифтердің бағасын өсіру тарифтердің өзіне тиесілі. Өйткені біздің министрлік тарифтерді реттеу механизмін қолданбайды. Себебі, ресми түрде біздің министрлік заңды түрде ондай реттеу механизмі және оны реттеу функциясы жүктелмеген, - деді Бағдат Мусин.

Бағдат Мусин ұялы байланыс операторы 4G және 3 G-ден 5G-ге көшу жұмыстары іске асып жатқанын айтады.

Мұндай уақытта техникалық ақаулар болып тұрады. Speedtest халықаралық рейтингі Астананың 35 сатыға жоғарылағанын, яғни 35 қаланы басып озғанын көрсетіп отыр. Біз қазір Токионы да басып оздық, - деп түсіндірді Мусин.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы