Интернет-алаяқтықтың ең көп тараған түрі қандай?
26 Мамыр, 11:12 508

Интернет-алаяқтықтың ең көп тараған түрі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Қазіргі таңда ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену қылмыстардың ең көп тараған түрі. Ақпараттық технологиялар мен цифрлық сервистің дамуы жағдайында, әсіресе пандемия кезеңінде, барлық жергілікті жерлерде киберқылмыстардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың өршуі байқалды. Егер 2017 жылы 2 мың интернет-алаяқтық тіркелген болса, өткен жылдың қорытындысы бойынша 21 мыңнан астам алаяқтық тіркелген, - деді Шалқаров. 

Шалқаров интернет-алаяқтықтың ең көп әдістерін атап өтті. 

4 айда онлайн-сауда бойынша 2,5 мың факті тіркелді, онда алаяқтар тауар немесе көрсететін қызмет үшін алдын-ала төлем алады. Азаматтардың жеке деректерін алғаннан кейін банктік есеп-шоттардан ақша қаражаттарды ұрлау бойынша 1,8 мың факті, онлайн-қарыздарды рәсімдеу арқылы 1000-нан астам қылмыс жасалды. Ақшаны тиімді әр түрлі жобаларға, инвестицияларға, ставкаларға көбейтіп беру сылтауымен 400-ге жуық алаяқтық тіркелді. Мұндай қылмыстарға қарсы іс-қимыл жасау үшін Ішкі істер министрлігі мынадай шаралар қабылдады. Бірінші кезекте азаматтармен түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында 1,5 мыңнан астам материалдар мен жарияланымдар жарияланды, - деді ол. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...